Атырау, 26 қараша 15:26
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан 1 қаңтардан бастап ЖЖМ экспортына уақытша тыйым салады

2 499 просмотра

Фото: Vesti.kzФото: Vesti.kzАстана. 31 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖЖМ экспортына 6 ай мерзімге тыйым салады, деп хабарлады сәрсенбіде ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

«ҚР ұлттық экономика министрлігімен және қаржы министрлігімен келісілген ҚР энергетика министрлігінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы аумағынан «Кеден одағының кедендік аумағынан жеңіл дистилляттар мен өнімдерді (коды ТН ВЭД ТС 2710 12), орташа дистилляттарды, керосинді, газойлды, дизель отынын (коды ТН ВЭД ТС 2710 19 110 0 – 2710 19 290 0, 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0), және пешке жағатын тұрмыстық отындардан басқа мұнай өнімдерін (коды ТН ВЭД ТС 2710 20 900 0)» шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салынады», - делінген энергетика министрлігінің баспас өз парақшасында.

Бұйрық ҚР мұнай өнімдерінің ішкі нарығында бағалардың көтерілуі мен өнімнің жетпей қалуын болдырмау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 10 бөлімінің 7 қосымшасына және ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 18 бабына сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Дереккөз: ҚазТАГ

31 желтоқсан 2014, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.