Мүлікті жария ету науқаны басталғалы алғаш рет Қазақстан Республикасынан тыс аумақта орналасқан мүлікті заңдастыру туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
2014 жылдың желтоқсан айының соңғы күндері Қазақстан азаматы - СҚО тұрғыны иелігіндегі Омбы қаласындағы пәтерін жария ету туралы өтініш келіп түскен. Аталған мүліктің құны - 421 мың теңгеге бағаланды.
29 желтоқсан күніндегі деректерге сәйкес, ҚР аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияға жалпы сомасы 116,8 млрд. теңге болатын мүлікті заңдастыруға 15 885 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 87,6 млрд. теңгеге 12 411 тұрғын үй нысаны; сомасы 30,5 млрд. теңгеге 7 857 тұрғын үйге жатпайтын нысандар, оның ішінде 17,4 млрд. теңгеге 1 491 коммерциялық нысан; сомасы 0,7 млрд. теңгеге 20 заңды тұлғаларға қатысу үлесі; сомасы 0,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар жатады.
Сомасы 40,8 млрд. теңгеге 7 301 нысан заңдастырылды.
Жария етуге келіп түскен өтініштердің саны бойынша Алматы облысы көш бастап келеді (5322 өтініш). Екінші орында Алматы (3202 өтініш), азаматтардың белсенділігі жағынан үшінші орында Ақтөбе облысы, оларда өтініш саны 1274, Қостанай облысында 1186 өтініш тіркелді. Соңғы орында 108 өтінішпен Батыс Қазақстан облысы тұр.
ҚР ҰБ есебінің деректеріне қарағанда, 26.12.2014 ж. жағдай бойынша екінші деңгейлі банктерде сомасы 8,9 млрд. теңге ақшаны жария етуге 47 жинақ шоты ашылған. Оның ішінде жинақ есебінен бюджетке ақша заңдастырғаны үшін 307,2 млн. теңге жиын төлей отырып, 2,8 млрд. теңге алынған. ҚР экономикасына 2,9 млрд. теңге инвестицияланды.
Дереккөз: ҚазАқпарат