Атырау, 26 қараша 13:31
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қорғаныс министрі ҚР Президентіне армияны заманауи қару-жарақпен жабдықтау жөнінде баяндады

1 404 просмотра

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

И.Тасмағамбетов кездесу барысында Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен келер жылғы міндеттері туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін әрі қарай жетілдіру мен елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығына назар аударды.

Қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстан армиясын заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 желтоқсан 2014, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.