Фото: geonews.kzАлматы. 29 желтоқсан. ҚазТАГ – Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіруіне байланысты Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы кедендік бақылауды 2015 жылғы 8 мамырда алып атстайды, деп хабарлады ҚырТАГ Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтемелеп.
«26 желтоқсанда Қырғыз Республикасының премьер-министрі Джоомарт Оторбаев Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі туралы Келісім процедураларын іске асыру бойынша министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кеңес өткізді», - деп хабарлады ведомство.
Кеңес барысында Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі туралы Келісім 2015 жылы 1 мамырда күшіне енетіні айтылып және Қырғыз Республикасының негізгі міндеттері қарастырылады. Құжат бойынша, Қырғызстан Келісімді бекту туралы үкімет ішіндегі процедураларды 2015 жылғы наурызға дейін бекітуі тиісті.
Одан басқа, «биылғы 8 мамырда қазақ-қырғыз шекарасындағы кедендік бақылау алынып тасталады». Ол кезге қарай Қырғызстан «Манас» әуежайындағы және Оштағы, Торугарттағы және Иркештамдағы әуежайларда өткізу қосындарын жабдықтап, сондай-ақ санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау саласында белгілі шаралар қабылдап, сондай-ақ қажет карантиндік шаралар жасауы керек.
Сондай-ақ кеңеске қатысушылар Қырғыз Республикасының меморгандарының Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістікке, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету бойынша шараларды талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр Қырғызстанның барлық министрліктері мен ведомстволарына шұғыл түрде Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіру бойынша бірінші кезектегі шараларды іске асырудың кестелік жоспарларын нақтылауды тапсырды.
Дереккөз: ҚазТАГ