Атырау, 26 қараша 13:56
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚР Ұлттық ұланы туралы заң жобасы қабылданды

4 062 просмотра

Сенаторлар «ҚР Ұлттық ұланы туралы» заң жобасын қарастырып қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Заң жобасы ҚР Ұлттық ұланының қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. ҚР Ұлттық ұланы жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қуiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған. Осыған байланысты жобада Ұлттық ұланның мiндеттерi мен өкiлеттiліктерi нақты айқындалған. Мәселен, жобаның 5-бабы Ұлттық ұлан өзiне жүктелген мiндеттерге байланысты орындауға мiндеттi өкiлеттiліктер тiзбесiн қамтиды.

Ұлттық ұланның құрамы және қызметiн ұйымдастыру айқындалған. Құрылымға жүктелген және орындайтын мiндеттерiнiң ерекшелiктерiне қарай жасақталатын он бiр бөлiм мен басқарма кiредi. Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы жедел стратегиялық орган бола отырып, жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiн сақтау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және өткiзедi, басқа да әскерлермен және әскери құрылымдармен өзара iс-қимылды ұйымдастырады және нормативтiк ережелердi әзiрлеп, бекiтедi. Ұлттық ұланды өкiлеттiліктерi заң жобасының сегiзiншi бабында жазылған бас қолбасшы басқарады. Сонымен қатар, Ұлттық ұланда қызмет өткерудiң ерекше сипатына қарай заңда әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi және тұрғын жай құқықтары мәселелерi көрiнiс тапқан.

Сонымен қатар, депутаттар екi оқылымда «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне ҚР Ұлттық ұланы, Қарулы күштерi мен мемлекеттiк күзет қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын да қабылдады. Аталған құжатпен жекелеген ережелердi «ҚР Ұлттық ұланы туралы» заң жобасының нормаларына сәйкестендiру мақсатында ҚР қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделедi. Ол 3 кодекс пен 13 нормативтiк-құқықтық актiге өзгерiстер енгiзедi.

Дереккөз: bnews.kz

26 желтоқсан 2014, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.