Атырау, 26 қараша 13:25
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

2015 жылы ұлттық валютаның құнсыздануы болмайды - О.Құдайбергенов

1 311 просмотра

ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің бірлескен мәлімдемесіне сүйене отырып, Қазақстан мемлекеті 2015 жылы девальвация болмайтыны туралы көзқарасын нықтады. Бұл туралы жеке пікірін Қазақстан экономистері қауымдастығының директоры Олжас Құдайбергенов өзінің Фейсбуктегі парақшасында білдірді.

«Кеше ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің біріккен мәлімдемесі жарияланды. Долларсыздандыру жағдайында бұл мәлімдеме мен ойлағаннан жеңіл көрінді. Одан да ауыр нұсқалары ықтимал болатын. Мемлекеттік басқару жүйесінде қабылданған шешімдер айқындалды. Сыртқы нарықтағы жағдай нашарлап кеткен жағдайда қолға алынатын шаралар да тұспалданып айтылды. Бірақ нақтыланбады. Кезең-кезеңімен нақтыланатын болар», - деді О.Құдайбергенов.

Оның айтуынша, бірлескен құжатта мемлекет 2015 жылы теңгенің құлдырауы болмайтынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттік компаниялар валюталық позицияда бірі-бірімен келісілген саясат жүргізеді деген ой бар.

«Олар қажетті мөлшерден басқа долларға сұраныс туындатпауға тырысуы керек. Егер белгілі бір тауарлар доллардың күшею қаупінен сатылып алынған болса, олардың құнын теңгеге айналдырып, нарықта сатып жіберу керек. Халық пен бизнестің теңгеге деген сенімін қайтару үшін бұл долларсыздандыру бағытындағы алғашқы салмақты қадам. Енді мемлекеттік компаниялардағы доллар қорының көлемі азайып, теңге күшейе бастайды», - деді ол.

Сарапшы долларсыздандыруға банк саласы, салымшылар көп үлес қосуы керек екендігін айтып өтті.

«Ең алдымен доллармен несиесі бар адамдарды теңгеге ауыстыруға ден қою абзал. Заңды тұлғаларда бұл қайта қаржыландыру, жеке тұлғалар ипотекалық қарыздары бар жағдайда қосылуы мүмкін», - деді О.Құдайбергенов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 желтоқсан 2014, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.