Атырау, 4 қазан 04:22
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Әділбек Жақсыбековке ФИФА медалі табыс етілді

1 646 просмотра

Қазақстан футбол федерациясының конференциясында футболдың дамуына қосқан үлесі үшін ұйымның экс-президенті Әділбек Жақсыбековке ФИФА медалі табыс етілді.  

«ҚФФ президентінің атына УЕФА президенті Мишель Платинидің атынан алғыс хат келді. Бейнежолдауда ол Әділбек Жақсыбековтің қазақстандық футболдың дамуына сіңірген үлесін жоғары бағалап, оған жаңа жеңістер тіледі.

Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы президентінің атына ФИФА президенті Йозеф Блаттерден де хат келді. Ол да өз хатында Жақсыбековке бірлескен жемісті еңбек үшін алғысын білдіріп, Қазақстанда футболдың дамуына үлес қосқаны үшін ФИФА медалімен марапаттады», - делінген ҚФФ ресми сайтында.

Дереккөз: bnews.kz

24 желтоқсан 2014, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.