Атырау, 20 маусым 14:48
 ашықВ Атырау +23
$ 519.55
€ 596.03
₽ 6.63

Ермек Көшербаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

5 700 рет қаралды
Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz. 

Бұдан бұрын Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Көшербаев Ермек Беделбайұлы 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығын және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.

Әр жылдарда Е.Көшербаев Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, «Нұр Отан» партиясы, «ҚазМұнайГаз» АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған. Сондай-ақ, «Ертіс» ӘКК» ҰҚ басқарма төрағасы болды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Дереккөз: bnews.kz

23 желтоқсан 2014, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.