Теңгенің қазіргі позициясы қауіп туғызбайды. Мұндай пікірді "Альпари" компаниясының талдаушысы Анна Бодрова білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талдаушының айтуынша, өткен аптада доллар бағасы сәл көтерілген. "Баға 0,19 пайызға артты, сөйтіп 19 желтоқсан күнгі сауда сессиясы 182,05 көрсеткішімен жабылды. Бұл өзгеріс шикізат бағасының өсімімен тікелей байланысты. Brent маркалы мұнайдың бағасы өткен аптада орта есеппен 3,5 пайызға артты. Инвесторлар мұнай бағасының тұрақсыздығына байланысты тәуекел үшін берілетін сыйақыны сақтап отыр, бірақ нарық аздап ашулана бастады", - деді Бодрова.
Оның айтуынша, өткен апта тағы бір мәрте теңге мен рубльдің арасында тікелей байланыс жоқ екенін дәлдеді. "Рубльдің өткен аптадағы доллар мен еуроға шаққандағы бағамы тарихта болмаған минимумға жетті. Ал теңге бағамы тұрақты болды. Қазақстанның экономикалық жағдайы тұрақты және басшылық оны қадағалап отыр", - дейді талдаушы.
Бодрованың болжамы бойынша, бұл аптада теңге бағамы бір қалыпты болады. Теңгенің долларға шаққанда бағамы 181,90-182,35, ал еуро 223,0-224,10 теңге, рубль 2,80-3,45 теңге аралығында болады.
Дереккөз: tengrinews.kz