Атырау, 14 қараша 01:33
 дождьВ Атырау +7.9
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41

Қазақстанның Ұлттық банкі елде қолма-қол шетел валютасы тапшылығының жоқ екендігін мәлімдеді

2 348 рет қаралды

Қазақстанда қолма-қол шетел валютасының тапшылығы жоқ, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық банкі.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі елде қолма-қол шетел валютасы тапшылығының жоқ екендігін мәлімдейді", - делінген жұмада ведомствоның сайтында жарияланған хабарламада.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның аумақтық филиалдары елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында валюта нарығындағы ахуалға күнделікті мониторингті жүзеге асырады.

"Айырбастау пункттері екінші деңгейдегі банктердің тарапынан да, сол сияқты Ұлттық Банктің тарапынан да қолма-қол шетел валютасының жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген", - делінген хабарламада.

 
19 желтоқсан 2014, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.