Атырау, 26 қараша 14:32
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сенат кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсартатын заңды қабылдады

2 356 просмотра
Бүгін Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданып, Президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Заң жобасының мақсаты – Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекет пен бизнес арасында әріптестік өзара қатынас қалыптастыру, «анықтау және жазалау» саясатынан «алдын алу және адал кәсіпкерлікті көтермелеу» саясатына ауысуды іске асыру.

«Заң жобасында ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне кәсіпкерлерді жоспарлы тексеруді жоюға, шағын бизнес субъектілерін таратудың оңайлатылған тәртібін енгізуге, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл институтын енгізуге, бизнестің дамуына кедергі келтіретін нормаларды барынша қысқартуға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған түзетулер енгізу көзделеді. Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертпелер түскен жоқ», - дейді Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегенов.

Заң жобасы аясында 12 кодекс пен 107 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

«Инвесторлар үшін инвестициялық климатты жақсарту мақсатында «бір терезе» қағидасы енгізіледі. Кедендік рәсімдер барынша жеңілдетіледі. Кәсіпорындарды тіркеу мерзімі бір сағатқа дейін қысқартылады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер субъектілері үшін мөрдің міндетті түрде болуы туралы талап жойылады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тарату рәсімі айтарлықтай оңайлатылады. Құрылысқа рұқсат алу кезіндегі рәсімдердің мерзімі және саны қысқарады. Жер пайдалану саласында жерлерді нысаналы мақсатқа пайдалану түрлерін жіктеу толығымен жойылып, елді мекендер үшін жер учаскелерінің функционалдық нысанасының тұрғын үй, әлеуметтік және коммерциялық үлгісі енгізіледі», - дейді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік бақылауды жетілдіруге бағытталған түзетулер көзделген.

«Мемлекеттік бақылауды жетілдіру іс-шаралары кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілетін жоспарлы тексерулерді алып тастағандағы тәуекелдерді бағалау негізінде ғана тексерулер ұйымдастыруға көшуді қарастырады. Ол үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды 4 топқа бөлу ұсынылып отыр. Бірінші топқа аса қауіпті қызмет түрлерін реттеу саласы кіреді, оны тексеру мерзімді түрде жүргізіледі. Мұндай салаларға атом энергетикасы, қару-жарақ, есірткі заттары, прекурсор, улы заттар айналымы, өнеркәсіптік, өрт және санитарлық-экпидемиологиялық қауіпсіздік жатады», - дейді Е.Досаев.

Дереккөз: bnews.kz

 

19 желтоқсан 2014, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.