Бүгін Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен жалпы отырыста Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев төрт заң жобасын таныстырған болатын. Оның екеуі халықаралық қауіпсіздікке Қазақстанның қосар үлесін қаузайды.
"ҚР Үкіметі мен Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы арасындаы Ауғанстан Ислам Республикасының аумағында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің (ХҚЖК) операциясын қолдау үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктердің темір жол транзиті мәселесі жөніндегі ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы" мәселесін арқау ететін екі бірдей заң жобасына қатысты қорытынды әзірлеу жөнінде баяндама жасады. Аталған заң жобасы бойынша алдағы жылдың он бесінші наурызына дейін арнайы қорытынды әзірлеу жөнінде шешім қабылданса, осы заң аясындағы екінші ұсыныс Ақтау портын қосымша пайдалану мүмкіндігін қарастыратын қорытынды әзірленетін болды.
Дереккөз: Baq.kz