Атырау, 26 қараша 14:43
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

7 054 просмотра

16 желтоқсанда қазақстандықтар елдің басты ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнін тойлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 1996 жылы дәл осы күні Қазақстан республикасының тәуелсіздігі және мемлекеттік суверенитеті туралы заң қабылданды.

Осы жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 23 жыл толып отыр. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде Қазақстанның мәдениет, өнер, спорт және саяси қайраткерлері - жалпы 1,5 мың қазақстандық марапатталды.   

Кеше Астанада Қазақстан Президентінің қатысуымен Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Нұрсұлтан Назарбаев отандастарына сөз арнады.

"Біздің жаңа Қазақстанның жұлдызы оңынан туған. Біздің бәрімізді Тәуелсіздіктің ұлы рухы біріктіреді, сақтайды және мықты ете түседі. Бұл рух Қазақстанның ашық да шуақты аспанының астында жаңа туған әрбір сәбиге, еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасыға, жаңадан салынған әрбір үйге, әрбір қалаға, ауылға беріледі. Ол экономиканың өсімімен бірге, әрбір жаңа индустриялық жобамен бірге, Отанымыздың шексіз кеңістіктеріне салынған жаңа магистральдармен бірге, алқаптарымыздан жиналған алтын дәннің әрбір тоннасымен бірге нығая түседі. Тәуелсіздікті аңсаған біздің ата-бабамыз қасиетті жерімізді қанымен және терімен қорғай білді. Тәуелсіздік - әр азаматтың батыр ата-бабамыздың өсиеті бойынша Қазақстанды, өз туған үйін, Отанын қасық қаны қалғанша қорғаудағы берік шешімі", - деді Мемлекет басшысы.

Тәуелсіздік күні мерекесінде қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсан күндері демалады. Мереке күндері республикада күн ашық болады деп болжанды. Тәуелсіздік күнінде дәстүр бойынша, елдің көптеген қалаларында мерекелік шаралар, концерттер ұйымдастырылып, кешкі уақытта отшашу болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 желтоқсан 2014, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.