Павлодар. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын айыптау үкіміне шағым түсірді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біз аппеляциялық шағымды пошта арқылы жібердік. Біз айыпталушы толығымен ақталуы керек деп есептейміз, себебі оның айыбы толық дәлелденген жоқ», - деді адвокат Айжан Сабирина жұма күні.
Облыс прокуратурасында оған түсінік беруден әзірге тартынып отыр және сот үкіміне қарсылық берілген-берлімегенін нақтыламай отыр.
Еске салсақ, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Е. Арын ҚР ҚК 311 б. 5 б. (пара алу), 177 б. 3 б. «б», г» т. (алаяқтық), 193 б. 3 б. «а» т. (ақша жымқыру) бойынша екі эпизодпен айыпталуда. Айыптау мәліметі бойынша, ол кәсіпкер Илья Теренченкодан алдау жолымен Т1 млн 650 мың көлемінде ақшалай қаражат жымқыру бойынша алаяқтық әрекеттер жасаған, ал кейіннен сол ақшаға автомобиль сатып алып, оны әйеліне тиесілі оқу орнының атына рәсімдейді. Бұдан басқа, Е. Арын «ГрадСтройКомпани» фирмасының қожайыны Умлат Матиевтен аса ірі көлемде (Т5,6 млн) пара бопсалады деп ай ыпталуда. Осыған дейін жапа шегуші И. Теренченко материалды шағымдарынан бас тартты. Е. Арынның сот процесі 10 қарашада басталды.
26 қарашада Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын ҚР ҚК 307 бап 2 бөлімі (лауазымдық өкілетін асыра пайдаланушылық) бойынша айыпты деп танылып, оған 3 жылдық сынақ мерзімімен бірге шартты 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Одан өзге, сот оны 5 жылға дейін мемқызметте лауазым атқару құқығынан айырып тастады.
Дереккөз: ҚазТАГ