Атырау, 26 қараша 13:25
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

БТА Өмір Казкоммерц- Life-қа қосылды

3 106 просмотра

«Казкоммерц- Life» АҚ және «БТА Өмір» БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы» АҚ-ның акционерлері бірігу түрінде компаниялардың қайта ұйымдастырылуы жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлады Казкоммерц- Life-тың баспасөз қызметі. 

"Еліміздің ең ірі банктерінің «Қазкоммерцбанк» АҚ мен «БТА Банк» АҚ интеграция процесінің аясында өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес ірі компаниялардың -  «Казкоммерц-Life» АҚ мен «БТА Өмір» АҚ біріктіру процесі басталды",- делінген баспасөз баянда.

«Казкоммерц- Life» АҚ және «БТА Өмір» БТА Банкінің өмірді сақтандыру жөніндегі еншілес компаниясы» АҚ-ның бірігу түрінде компанияларды ерікті түрде қайта ұйымдастыру жөніндегі шешімі 2014 жылғы 27-ші қарашада акционерлердің бірлескен жиналысында қабылданған болатын. Аталған компаниялардың заңды түрде бірігу жөніндегі рұқсатты уәкілетті орган – ҚР Ұлттық Банкі береді.

«Бір қаржы тобының аясында өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниялардың бірігуі синергия әсерін береді», - дейді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры, «Казкоммерц-Life» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы, «БТА Өмір» БТА Банкінің ӨСЖЕК” АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі Сергей Мокроусов.

Қайта ұйымдастыру процесі аяқталған соң жаңа компания өз алдына нарықта ірі сақтандыру компаниялардың қатарына кіру мақсатын қойып отыр.

Бұл бірігу жаңа компанияның нарықтағы позициясын нығайтуға және бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге жаңа мүмкіндіктерді береді. Сату нүктелерінің едәуір кеңеюі, қос компанияның жаңартпалары мен технологияларын қолдану клиенттердің сақтандыру өнімдеріне қолжетімділігін ұлғайтады. Қайта ұйымдастыру процесі ҚКБ мен БТА Банктердің бірігу тәжірбиесінің негізінде өтеді.

Компаниялардың заңды түрдегі бірігуіне дейін «Казкоммерц- Life» АҚ мен «БТА Өмір» АҚ клиенттеріне бұрынғы қалыпта қызмет көрсетіледі. Сақтандыру өнімдері мен ертеде қол қойылған келісімдердің шарттары олардың мерзімі аяқталғанша еш өзгерместен қалады. «Казкоммерц- Life» АҚ мен «БТА Өмір» АҚ өз клиенттерінің алдында қабылдаған барлық міндеттемелерді орындайды.   

Болашақта қайта ұйымдастырылған «Казкоммерц- Life» АҚ оған қосылған «БТА Өмір» АҚ–ның  барлық міндеттемелерін құқықтық мирасқор ретінде қабылдайды.

Өмірді сақтандыру жөнінде компанияларды қайта ұйымдастыру Қазақстанның сақтандыру нарығы үшін бірегей тәжірбие болмақ. Еліміздің тарихында осы уақытқа дейін «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру компанияларды біріктірілуі жағдайы болған емес. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

 

12 желтоқсан 2014, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.