Сотталғандардың мемлекетке қарызы 17 млрд теңгеге жетті
1 380 просмотра
Бүгінгі күні елімізде сотталған адамдардың мемлекетке қарызы 17 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін «Колониялардағы жұмыспен қамту-2017» түрме реформасының екінші форумы барысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Сотталған адамдарды жұмыспен қамту мемлекет пен жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге қатысты өзекті мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бүгінде сотталғандардың қарызы 29 млрд теңгеге, соның ішінде мемлекетке борышы 17 млрд теңгеге жетіп отыр», - дейді А. Дауылбаев.
Оның айтуынша, өтелген қарыз бір пайызға да жетпейді. Нақтырақ айтсақ, 264 млн теңге, оның ішінде 55 миллионы мемлекетке қайтарылған.