Атырау, 26 қараша 13:27
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Серік Ахметовке тағы жаңа айып тағылуы мүмкін

2 138 просмотра

Қорғаныс министрлігінде ауқымды тексеріс басталды. Қызметтік кабинеттерге дейін тінтіліп, Бас әскери прокуратураның тергеушілері сейфтен қаржылық құжаттарды түгел алып жатыр. Қадағалаушы органды қарулы күштерге Серік Ахметов жетекшілік еткен 5 ай мерзім қызықтырып отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

 Өйткені прокуорлар осы аралықта Серік Ахметов Қорғаныс министрлігінен де қыруар қаржы жымқырудың жолдарын тапқан дейді. Тергеушілердің күдігінше, ведомствода жарнама науқанына бөлінетін соманың бағасы бірнеше есе жоғары көрсетіліп, сол арқылы бюджет ақшасы ұрланған.

Әскердегі келісімшарт туралы роликтер ұзақ уақыт республикалық арналардан тоқтаусыз көрсетілген болатын. Бұдан басқа бұрынғы премьер-министр ірі көлемде қазына қаржысын жымқырды деп айыпталып жатыр.

Өткен айда істі болған Ахметов қазір Қарағандыдағы зәулім коттеджінде үйқамақта. Сот күдіктіге телефонмен тілдесуге, интернетке шығуға тыйым салған. Серік Ахметов 3 жыл басқарған облыста қазір тергеу топтары жұмыс істеуде. Олар бірнеше жыл бойы бюджетті бөліске салған ондаған лауазымды шенеунік жайында материал жинап жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

10 желтоқсан 2014, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.