Атырау, 26 қараша 13:36
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мәжіліс табиғи монополиялар мәселелеріне енгізілген өзгерістерді мақұлдады

2 413 просмотра

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Сіздердің қарауларыңызға енгізіліп отырған Заң жобасы тариф белгілеудің және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыруға; негізсіз шығындарды алып тастауға және тариф рәсімдерін оңтайландыруға; тұтынушылардың құқықтарын қорғауға; өтінімдерді қарау және уәкілетті органның шешімдер қабылдау рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған», - деді құжат бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Е.Досаев.

Оның айтуынша, Заң жобасы бойынша жұмыс атқарған парламент Мәжілісінің жұмыс топтары заң жобасын біраз пысықтаған.

«Монополияға қарсы заңнаманы жетілдіруге бағытталған депутаттардың бірқатар түзетулері енгізілді. Түзетулер: мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары Еуразиялық Экономикалық кеңес бекіткен «Бәсекелестік туралы» Модельдік заңының нормаларын имплементациялау; нарық субъектілерін монополияға қарсы заңнаманы бұзуға алып келетін іс-әрекеттерді жасаудан алдын ала сақтандыру институтын енгізу; бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерді немесе келісімдерді жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен осы құқық бұзушылық туралы хабарлаған тұлғаны босату сияқты өзгерістерді көздейді», - деп түсіндірді министр.

Депутаттар дауыс бере келе, заң жобасын мақұлдады.

Дереккөз: bnews.kz

 

10 желтоқсан 2014, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.