Атырау, 26 қараша 13:30
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Назарбаев әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындады

3 199 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы мемлекеттік сыйлығы Қажығали Мұханбетқалиұлына "Тар кезең" романы үшін, ақын Гүлнар Салықбаеваға "Кешіріңдер келгенімді өмірге" өлеңдер жинағы үшін, әнші Пантелей (Лаки) Кесоглуге "Песня - душа моя" жеке концерті үшін, сазгер Балнұр Қыдырбекке "Реквием" вокалдық-симфониялық шығармасы үшін берілді.

Мұнымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін авторлар ұжымына: Асқар Мырзахметовке, Бақытжан Әшірбаевқа, Насир Рустамовқа, Әмірхан Шүменовке, Нұрлыжан Бөкебаевқа сыйлық берілді.

Айта кетейік, 2014 жылы Алматы метросы құрылысы жобасына қатысқаны үшін Алматы әкімі Ахметжан Есімов мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған болатын. Сәулетшілер одағы онымен бірге наградаға Төлеген Әбілда, Ақмырза Рүстембеков, Ғазиз Ешкенов, Мұратбек Құлбаевтардың да кандидатурасын ұсынды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сыйлықты, дәстүр бойынша, Қазақстанның Тәуелсіздік күніне қарсы табыстайды. Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Президенттің 2007 жылы 13 тамыздағы жарлығымен ғылым мен техника, әдебиет пен өнер салаларындағы мемлекеттік ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында құрылған комиссияның іріктеуі арқылы тағайындалады. Комиссияға республиканың Мемлекеттік хатшысы төрағалық етеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 желтоқсан 2014, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.