Атырау, 4 қазан 00:32
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қазақстандық оқушылар әлем бойынша үздік деп танылды

1 882 просмотра

Тестілеуге әлемнің бірнеше елінен мыңнан астам жоғары сынып оқушылары қатысқан. Назарбаев интеллектуалды мектебінен жеті оқушы байқауға қатысты. Математикадан SAT тестілеу нәтижесінде Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі оқушысы әлем бойынша үздік деп танылды.

Бұл оқу орнының оқушылары осылайша өткен жылғы үздік нәтижені қайталап отыр. Халықаралық SAT емтиханы дүниежүзі бойынша бір күнде, бір уақытта, тек қана ағылшын тілінде өткізіледі. Осы сынаққа қатысқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары Жәнібек Әли мен Тілес Өсербаев математика пәнінен ең көп 800 ұпай жинаған. Оларды ағылшын тілінде берілген математика сұрақтарына ұстаздары Майкл Малутши дайындаған.

«Бұл біздің оқушылардың әлем бойынша білім деңгейі жоғары екендігін дәлелдеді. Мектептің де мәртебесін көтерді. Оған қоса, Қазақстан үшін де бұл үлкен мақтаныш, зор жетістік – деп санаймын», – дейді Майкл Малутши.

Жәнібектің бұл жеңісі үлкен болашаққа жолдама болды. Енді ол Гарвард, Оксфорд және Кембридж секілді ең үздік оқу орындарында тегін білім алу құқына ие болып отыр. Жәнібектің айтуынша, бұл сынақтың өзіндік қиындығы болған, ағылшын тілін терең меңгеру қажет екен. Ал Жәнібек 9 сыныпқа дейін барлық материалдарды қазақша талқылап үйренген. Дегенмен, семейлік оқушылар білімдерін дәлелдеп бере алған.

Дереккөз: bnews.kz

9 желтоқсан 2014, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.