Атырау, 26 қараша 13:28
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

2015 жылы әлеуметтік төлемдер өседі

2 771 просмотра

Зейнетақы 9 пайызға, ал мемлекеттік жәрдемақы 7 пайызға өседі. 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 1982 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 21364 теңге болады.

Базалық зейнетақы көлемі 11182 теңгеге дейін көтеріледі. Арнаулы жәрдемақылар да өзгеріске ұшырап отыр. Атап айтқанда, мүгедектерге: І топқа 30337 теңге, ІІ топқа 23715 теңге, ал ІІІ топқа 16664 теңге төленеді. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 22433 теңге төленеді. 16 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі адамдарға: І топқа 30337 теңге, ІІ топқа 24783 теңге, ІІІ топқа 19442 теңге тағайындалады. Асыраушысынан айырылғандар: 1 балаға 14 742 теңге, 2 балаға 25 424 теңге, 3 балаға 31619 теңге, 4 балаға 33542 теңге, 5 балаға 34610 теңге, 6 және одан көп балаға 36106 теңге жәрдемақы төленеді. Оның ішінде тұл жетімдер: 1 балаға 20 083 теңге, 2 балаға 40 165 теңге, 3 балға 60 247 теңге, 4 балаға 80 329 теңге, 5 балаға 100411 теңге, 6 және одан басқа балалардың әрқайсысына 9186 теңгеден беріледі. Айлық есептік көрсеткіштің 1982 теңгеге көбеюіне байланысты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала тууға байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы 1, 2 және 3-ші балаға 62255 теңге, 4-ші және одан көп балаға 103758 теңгеге артады. 1 жасқа дейінгі бала күтіміне: 1 балаға 11417 теңге, 2 балаға 13498 теңге, 3 балаға 15559 теңге, 4 және одан көп балаға 17640 теңге тағайындалады. Бұл ана жұмыс істемеген жағдайда төленетін ең төменге көрсеткіш. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік және арнайы жәрдемақыларды алатын отбасы мүшесі қайтыс болған жанұяға – 31118 теңге. ҰОС қатысушысы немесе ҰОС мүгедегі қайтыс болған жанұяға 72542 теңге төленеді.

Дереккөз: baq.kz

9 желтоқсан 2014, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.