Атырау, 4 қазан 00:26
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қазақтың ұлттық киімін киіп түскен Олландтың фотосы ғаламторды "жарды"

3 179 просмотра

Франция президенті Франсуа Олландтың Қазақстанға жасаған сапары кезінде қазақ шапаны және бөркімен түскен суреті интернет қолданушылары арасында қызу талқыланды.

Бұл туралы Le Parisien басылымына сілтеме жасап Риа Новости хабарлайды.

Олландтың шапан және бөрік киіп түскен суретін Ақорданың ресми фотографы түсіріп, қазақстандық президенттің баспасөз қызметі Instagram-да орналастырған еді. Сурет келесі күні әлеуметтік желілерден өшірілгенімен, интернетте жылдап тарап үлгерді.

Франуса Олландтың қазақтың ұлттық киімімен түскен суретін француздар жақсы мағынасында қызық деп атаса, интернет-қауымдастық та лезде "жауап беріп" үлгерді. Ғаламторда Франция президенті бейнеленген авторлық коллаждар жарияланса, медиа-комментаторлардың бірі Роджество қарсаңында түрлі үлгіде киіндірілген Олланд қуыршағын жасап шығаруға шақырды.

Ал бұл әзілдерге қарсы Франция президентін қолдаушылар ресми шетелдік іссапар кезінде ұлттық киімдерді киіп түскен басқа мемлекет басшыларының суреттерін де жариялап жатыр.

Дереккөз: NUR.KZ

8 желтоқсан 2014, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.