Мемлекеттік айыптаушылар 14 қарашада «Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ҰҚҚ» ісі бойынша шығарылған мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың үкіміне аппеляциялық наразылық білдірді. Прокурорлар кейбір бөлімдердегі үкімдерді «заңсыз» және жазаны күшейту қажет деп есептейді.
Атап айтқанда, олар сот толықтай ақтаған «Ақтөбехаусконстракшн» ЖШС және «BNB Construction» ЖШС бас есепшісі Гүлмира ӘЗБЕРГЕНОВАҒАқатысты шығарылған үкімді өзгерту керек дейді. Сондай-ақ, олар судья Гүлмира ДӘУЛЕТОВАНЫҢ Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар КЕРІМОВТІ, «Мемсараптама» РМК бас директорының бұрынғы орынбасары Ұлан ҚҰРАЛБАЕВТЫ, облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВТІ, облыстық энергетика басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВТЫ, «Центрстрой ЛТД» ЖШС-нің бұрынғы директоры Эдуард ДУРМАНОВТЫ, «Жолаушылар лизингтік компаниясы» АҚ-ның бұрынғы жетекші инженері Азамат ҚҰРМАНТАЕВТЫ және «Арқайым 2005» ЖШС бұрынғы директоры Александр КУЗЕМАНЫҚР ҚК-нің 235-3-бабы бойынша («Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу») және сауда-саттық бойынша бұрынғы менеджері Асхат ЕСЕТОВТІ 235-2-бабы бойынша («Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу») ақтауға қатысты шешіміне наразылық білдірді.
Апелляциялық наразылық мәтінінде прокурорлар сотты Әзбергенованың әрекетін назарға алмады және лайықты баға бермеді:«тиісті баға берудің орнына сот іс жүзінде сотта анықталған жайтарды елемеді», деп есептейді.
Мемлекеттік айыптаушылардың пікірінше, Әзбергенованың бұрынғы облыс әкімінің күйеу баласы Ерболат ІЗБАСАРДЫҢ басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған қылмысқа қатысы бар екендігі сот жете танысқан дәлелдермен расталып отыр.
Әрі қарай прокурорлар жекелеген сотталушылардың әрекеттерінде 235-3-бапта қарастырылған қылмыс құрамы жоқ деп танып, сот «Керімовтің, Есетовтің әрекеттеріне дұрыс емес құқықтық баға» берген деп отыр. «Соттың қорытындысы істің нақты жағдайына сай келмейді. Бұл жағдайлар Керімовтің қауымдастық және топтың басшылары Бергей Рысқалиевпен, Аманжан РЫСҚАЛИМЕН (Бергей Рысқалиевтың інісі) және Рүстем ӘЛБАҚАСОВПЕН (экс-әкімнің тағы бір күйеу баласы) тығыз байланыста және жақын қарым-қатынаста болғанын дәлелдейді. Осыған байланысты осы бап бойынша жаза күшейтілуі тиіс».
Прокурорлар Атырау облысының апелляциялық сотынан кейбір тұлғаларға қатысты шығарылған үкімдердің жекелеген бөлімдерін өзгертуді, атап айтқанда:
Әзбергенованы кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, жалпы режимдегі колонияда 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау (естеріңізге салсам, ол тағылған айыптар бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен толықтай ақталды, сот сондай-ақ, оған зиянды өндіріп алу құқығын берді).
235-баптың түрлі бөліктері бойынша төмендегілерді кінәлі деп тану:
Керімовті және оған мүлкін тәркілеп, қатаң режимде 12 жыл жаза тағайындау (үкім бойынша – мүлкін тәркілеумен жалпы режимде 3 жыл жаза берді);
Құралбаевты – мүлкін тәркілеумен қатаң режимде 10 жылға жаза тағайындау (үкім бойынша – мүлкін тәркілеумен жалпы режимде 7 жыл);
Кенжебековті – мүлкін тәркілеумен қатаң режимде 12 жылға жаза тағайындау (үкім бойынша – мүлкін тәркілеумен жалпы режимде 8 жыл);
Жайсаңовты – мүлкін тәркілеумен қатаң режимде 12 жылға жаза тағайындау (үкім бойынша – мүлкін тәркілеумен жалпы режимде 7 жыл);
Дурмановты – мүлкін тәркілеумен қатаң режимде 9 жылға жаза тағайындау (үкім бойынша – мүлкін тәркілеумен жалпы режимде 5 жыл);
Құрмантаевты – мүлкін тәркілеумен қатаң режимде 9 жылға жаза тағайындау (үкім бойынша – мүлкін тәркілеумен жалпы режимде 7 жыл);
Есетовті – жалпы режимде 6 жылға жаза тағайындау (үкім бойынша шартты түрде 3 жыл).
Сонымен қатар айыптау тарапы зиян сомасын өндіруге қатысты үкімді «Сот сотталушылардан талап арыз мөлшерінен және айыптау көлемінен асатын соманы өндіріп, айыптау және мәлімделген талап арыз талабының шегінен шыққан» заңсыз деп танып отыр.
Сотталушылар мен олардың қорғаушылары да сол уақытта үкімге шағымдану құқығын пайдаланды.
Бүгінде айыпталушылар Кенжебековтің, Жайсаңовтың, Құрмантаевтың, Дәукеновтің, Құралбаевтың, Дурмановтың, Куземаның үкімге наразылық шағымын бергені белгілі...
Кейбір адвокаттар прокурорлық наразылыққа қарсылық беруге ниетті екендіктерін мәлімдеді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА