Атырау, 4 қазан 00:25
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Н.Назарбаев: Ресейдің күшін жете бағаламауға болмайды

1 457 просмотра

Ресейдің күшін жете бағаламауға болмайды. Бұл туралы бүгiн Ақордада Франция Президенті Франсуа Олландпен кездесуiнен кейiн өткен брифинг барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

 «Мен біреудің, оның ішінде Путиннің, қорғаушысы болып сөз сөйлегім келмейді. Дегенмен, менің объективті талдауыма сүйенсек, Ресейде де Украинадағыдай «көктемді» ұйымдастыру ықыласы сәтсіздікке ұшырап, «Қырым көктемімен» аяқталы. Ресейдің күшін жете бағаламауға болмайды. Ол – аумағы жағынан ең ірі мемлекет әрі ең бай ел. Санкция салдарынан олар біраз табыстарынан айырылып қалды. Десек те, газ, мұнай және өзге байлықтар Ресейдің өз қолында», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде кез келген дағдарыстың шексіз созылмайтынын және әрбір соғыстың аяқталатынын атап өтті.

«Бір-бірімізді тығырыққа тіреу – ең жақсы амал емес. Біз Франция Президентімен қалыптасқан жағдайдан шығу жолдары мен бірыңғай шешімдерді іздестіру қажет деп пайымдап отырмыз. Ресейдің әлемдік экономикамен қатты ықпалдаспағанын ескерген жөн. Болашақта жағдай одан әрі нашарламауы мүмкін. Оның үстіне, Ресейдің ішкі жағдайына келетін болсақ, Путиннің көрсетіп отырған қолдауы зор. Меніңше, батыста айтылып жатқан пікірлерге қарамастан, ол бүгінгі күннің ең мықты либерал болып табылады. Ал, Путиннен кейін не болатынын, ұлттық патриотизм қандай деңгейде екенін, коммунистік реваншизм болуы мүмкін деп бүгін нақты ешкім айта алмайды. Сондықтан, мәселені кеңірек қарастырып, мүмкіндіктерді іздестіру керек. Санкциялық қарсы әрекеттер тығырыққа тірейді. Бұл – БҰҰ-ны айналып өтіп қабылданып отырған шаралар. Украинадағы оқиғаның орын алуы – жаман, мұндай қақтығыстардың болуы да – жаман. Біз бұдан шығудың жолдарын іздестіруді қолдаймыз», - деп толықтырды өз ойын Елбасы.

Дереккөз: bnews.kz

 

5 желтоқсан 2014, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.