7-6 желтоқсан аралығында Қазақстанда қарлы әрі аязды ауа райы ауысып отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.
"Қарағанды облысының үстіндегі терең циклон өзінің ықпалымен Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Соған байланысты республика облыстарының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, секундына 15-23 метрге жететін жел тұрады, оңтүстікте цикломен байланысты суық ауа таралымының әсерінен жаңбыр жауады", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.
Бірақ, синоптиктердің мәліметінше, 4 желтоқсанда бұл циклон Батыс Сібірдің солтүстік-шығыс аудандарына ауысады, оның орнын суық антициклон басады. "Антициклонның өзі жылдамдығы сағатына 80-110 шақырымға жететін жетекші ағынмен ауыса отырып, ұзақ тұрмайды, 5 желтоқсанда Моңғолияның батыс аудандарына жылжиды. Қазақстанның аумағына Солтүстік Атлантика мен Каспийдің оңтүстігінен кезекті циклондар жетеді", - деп хабарлайды "Қазгидромет".
Еске сала кетейік, метеорологтардың мәліметінше, биылғы қыс елімізде жылдағыдан ызғарлырақ болады. Алдын ала болжамдар бойынша, алдағы қыста аязды күндер толассыз жауатын қармен ауысып отырады.
Дереккөз: tengrinews.kz