Қазақстан парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі палатаның жалпы отырысынан.
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі комитетінің ақпаратына сәйкес, заң жобасының негiзгi мақсаты – жастардың әлеуетiн елiмiздi одан әрi дамытуға жұмсауға бағытталған мемлекеттiк жастар саясатының тиiмдi моделiн қалыптастыру үшiн заңнаманы жетiлдiру.
Өз кезегінде Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов заң жобасын таныстыруда, құжатта мемлекеттiк жастар саясатының үш негiзгi мiндетi белгiленгендігін атап өтті. "Нақты айтқанда, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, жастарды елдiң әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси өмiрiне тарту, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизмді нығайту", - дедi министр өз баяндамасында.
Сондай-ақ, оның атап өтуінше, олардың iшiнде қолжетiмдi және сапалы бiлiм берудi қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуеттi дамыту, денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмiр салтын қалыптастыру, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту үшiн жағдайлар жасау, жастар арасында кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау, жас отбасылар үшін қолжетiмдi тұрғын үй жүйесiн дамыту, құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiкке тәрбиелеу, экологиялық мәдениеттi қалыптастыру, таланатты жастардың қабілетін дамытуға жәрдемдесу және бос уақыт пен мәдени демалыс үшiн жағдай жасау бар.