Атырау, 26 қараша 11:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Өтембаев жансақтау бөліміне жатқызылды, оның МШБ туралы шағымын қарау кейінге қалдарылды

2 030 просмотра

Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге жәрдемдескені үшін 13 жылға сотталған Қазақстан Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлады ЕЦ 166/10 мекемесінің отряд бастығы Самат Кәкенов. 

2014 жылғы қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қаулы шығарған болатын. Сот шешіміне Өтембаевтың өз жазасының үштен екісін өтеуі, оның мінездемесінің оң болуы, колония режимін бұзбағаны және түзеу мекемесі әкімшілігі тарапынан 16 рет ынталандыруға ие болуы ықпал етті.

Екі күн бұрын ол "жүрек жетімсіздігі" диагнозымен ауруханаға түскен. Сотта бұл туралы Ержан Өтембаев жаза өтеп жатқан колонияның өкілі Самат Кәкенов айтты. Оның сөзіне қарағанда, Өтембаев қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Өтембаев 2006 жылы қазақстандық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге жәрдемдескені үшін сотталған болатын. Сот оны тапсырыс беруші деп таныған еді. Жеті жылдан соң - 2013 жылдың желтоқсанында ҚР Бас прокуратурасы тапсырысты орындаушы Рустам Ибрагимовтың кісі өлтіруге нағыз тапсырыс бергендерді атағанын айтты, олар халықаралық іздеуде жүрген Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев болып шықты. Содан кейін Ержан Өтембаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралды.

Дереккөз. Қазақстан жаңалықтары АА.

 
3 желтоқсан 2014, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.