Атырау, 3 қазан 22:16
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

ҚР Президенті Н.Назарбаев Түркіменстанның Құрметті ақсақалы атағына ие болды

1 586 просмотра

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстанның Құрметті ақсақалы атағына ие болды.

Арнайы төс белгіні оған екі жақты келіссөздер қорытындысы бойынша баспасөз қызметкерлеріне арналған бірлескен мәлімдеме кезінде Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыс етті. Ол сонымен бірге Мемлекет басшысының иығына түркімен шапанын жапты.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев ризашылығын айтып, түркімен тарапына осындай жылы шырайы мен сый-құрметіне алғысын білдірді

«Мұны Қазақстан халқына бауырластың құрмет көрсетуі деп есептеймін», - деді Н. Назарбаев. Сондай-ақ Елбасы көршілік қатынастардың ары қарай дамитынына сенім білдірді.

Н. Назарбаев сонымен бірге «Жаман туыстан жақсы көрші артық», - деген халық даналығын еске салды.

Соңында Түркіменстан Президенті ҚР Президентіне екі жақты ынтымақтастықты дамыту жолында қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 желтоқсан 2014, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.