Атырау, 26 қараша 11:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Солтүстік Қазақстанда күшіктің қатыгездікпен өлтірілуі тергеліп жатыр

1 696 просмотра

Солтүстік Қазақстанда күшіктің балалардың көзінше қатыгездікпен өлтірілуі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Бұл деректі Қызылжар аудандық ішкі істер бөліміне Бешкөл ауылының тұрғыны хабарлаған. Әйел күшікті балалардың көзінше қатыгездікпен өлтірген қайнысына қатысты шара қолдануды сұрады, ол жануарды артқы аяғынан ұстап, кірпіш бағанға бес рет соққан. 

Екі айлық күшікті ер адам көшеден тауып алыпты. Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, ол күшікті бір апта бойы баққан, бірақ ағасының үйінде қонақта болғанда, күртесінен алып шыққан күшігі оны тістеп алған. Сол кезде қожайын оны өлтіруді ұйғарады. 

Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 276-бабы - "Жануарларға қатігездік жасау" бойынша қылмыстық іс қозғады. Күшікті өлтіргені үшін айыпты 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуі немесе бір жылға дейін түзеу жұмыстарына салынуы, сондай-ақ бостандығы бір жылға дейін шектелуі мүмкін. "Сонымен бірге, қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органы тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 желтоқсан 2014, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.