Атырау, 26 қараша 11:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта резервтері 16 пайызға өсті

3 962 просмотра

ҚР Ұлттық банкі алтын-валюта резервтері жыл басынан бері 15,8 пайызға (3,9 миллиард доллар) өсті. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк мәлімдегендей, жедел ақпарат бойынша алтын-валюта резервтері биылғы қарашада 1,2 пайызға өсіп, ай соңында 28,6 миллиард долларға жеткен.

"ҚР Ұлттық қорының шетел валютасындағы активтерін қосқанда, Қазақстанның халықаралық резервтері (алдын ала мәлімет бойынша 76,8 миллиард доллар) осы жылдың қараша айында 0,3 пайызға өсіп, айдың аяғында 105,4 миллиард долларды құрады", - делінген елдің бас банкі хабарламасында. Ұлттық банктың мәлімдеуінше, жыл басынан бері ҚР Ұлттық қорының шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, еліміздің халықаралық резервтері 9,9 миллиард долларға немесе 10,3 пайызға артқан.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында Ұлттық банкі алтын-валюта резервтерінің 9,2 пайызға, яғни 2,3 миллиард долларға артқаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық банкі алтын-валюта резервтерінің өсім динамикасы тиімді делінді. Биыл шілде айында бұл резервтер екі пайызға өсіп (0,5 миллиард долларға) ай соңында 27 миллиард долларды құрады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

2 желтоқсан 2014, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.