Атырау, 3 қазан 22:25
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Танымал қазақстандық театр танушысы Әшірбек Сығай өмірден озды

4 551 просмотра

Әшірбек СЫҒАЙ.Әшірбек СЫҒАЙ.Алматы. 28 қараша. ҚазТАГ – 68 жасқа қараған шағында Қазақстан еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Сығай өмірден өтті. Танымал театр танушысы 40 жылдан сәл асатын уақытта 16 кітап шығарып, мыңға тарта мақала жазды. Әріптестері оны театр әлемінің ең беделді сарапшысы деп атайтын.

1980-ші жылдары Ә. Сығай Қазақ ССР мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарды, Алматының театр-көркем институтын басқарды. 1990 жылдың басында ол Қазақстан мәдениет вице-министрі лауазымында болды.

«Құрмет» орденімен марапатталған, мемлекеттік сыйлық пен тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты.

Кентау мен Түркістан қалаларының құрметті азаматы. 

Дереккөз: ҚазТАГ

28 қараша 2014, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.