Атырау, 26 қараша 11:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанды 2030 жылға дейін газдандырудың бас схемасы бекітілді

2 348 просмотра

Фото: total.kzФото: total.kzАстана. 28 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасы бекітілді. Бұл туралы үкіметтің 4 қарашадағы тиісті қаулысы ресми басылымдарда жарияланды.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаң¬тар¬¬дағы Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берілген Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасы бекітілсін», - делінген құжат мәтінінде.

Құжатта айтылғандай, Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы (бұдан әрі – Бас схема) Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығының стратегиялық бағыттарын көздейтін кешенді құжат болып табылады.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес газдандырудың стратегиялық басымдықтары мынадай негізгі міндеттерді:

1) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін сенімді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін перспективалы газдандыруды дамытудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыруды;

2) газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін жасау үшін негіз болып табылатын газдандыру жүйелерінің жұмыс істеп тұрған және салу жоспарланатын объектілерін орналастыру схемасын айқындауды;

3) Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық балансы құрылымында газ (тауарлық және сұйытылған мұнай) тұтынудың үлесін арттыру үшін жағдай жасауды шешуге бағытталған.

Жоғарыда аталған міндеттерді шешу ұзақ мерзімді кезеңде газдандыруды дамытудың қолданылуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық даму жолына көшу қарқынына қарай тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Табиғи газ әлемдік энергетика құрылымы мен халықаралық отын балансында ерекше орынға ие. Әлемдегі газ өнеркәсібінің қарқынды дамуына соңғы 20 жылда айқындалған сұйытылған табиғи газ нарығының тездетіп қалыптасуы ықпал етеді. Әлемдік энергия балансындағы көмірсутекті газ тәрізді отын үлесінің шамамен отыз пайызға жету мүмкін екендігі болжанады. Осының салдарынан, әлемдік сарапшылар алдағы кезеңді энергетиканың дамуындағы «метан» дәуірі деп сипаттайды.

Бас схемаға нақтылау әр үш жылда енгізіліп тұрады.

Құжатта атап көрсетілгендей, бас схеманы іске асыру 2030 жылға дейінгі перспективамен кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

Базалық сценарий бойынша Бас схеманы іске асыру мынадай болжамды нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:

1) газдың тапшылыққа ұшырамайтын балансына қол жеткізу, бұл өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындардың болжанатын және мәлімделген газд көлемін оңтайландыруін көздейді;

2) 2030 жылға қарай газды ішкі нарықта пайдалану деңгейі 18 млрд. м3 жетеді;

3) Қазақстан Республикасының халқын газбен қамту деңгейі 56 %-ға жететін болады, бұл 1,6 мыңнан астам елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

4) жаңа газ құбырлары құрылысының жалпы ұзындығы шамамен 29 мың км құрайтын болады;

5) инвестициялардың болжанатын көлемі шамамен 655,9 млрд. теңгені (2012 жылғы бағалар бойынша) құрайтын болады;

6) жаңадан газдандырылатын аумақтар бойынша газдандыруды іске асырудан алынатын шартты экономикалық нәтиже 2030 жылға қарай шамамен 910 млрд. теңгені құрайтын болады.

Бұдан басқа газ саласын дамыту бағдарламасын іске асырудағы маңызды аспект қоршаған ортаға келтірілетін зиянды әсердің төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Дереккөз: ҚазТАГ

28 қараша 2014, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.