Атырау, 26 қараша 11:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бас прокуратура жол айыппұлдарын төлемегендерді жүргізуші құқығынан айыруды ұсынады

2 346 просмотра

ҚР Бас прокуратурасы жол айыппұлдарын төлемегені үшін көлік жүргізу құқығынан айыруды ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бельгия мен Франциядағы сияқты жол айыппұлдарын төлемегені үшін көлік жүргізу құқығынан айыру түрінде жауапкершілік енгізуді ұсынамыз", - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов Үйлестіру кеңесінің отырысында. Сонымен бірге, ол жұмыссыздардың айыппұлды өтеуіне мүмкіндік беруді ұсынды. "Украина мен Ресейде кең қолданылатын қоғамдық жұмыстарға салуды неге енгізбеске?! Одан бәрі ұтады: көшелердің сыртқы келбеті де, борышкердің өзі де", - деді Асанов.

Бас прокурордың орынбасары 2015 жылдан бастап, Қазақстанда айыппұлдарды өз уақытында төлеп тұратындар ынталандырылатынын еске салды, яғни салынған айыппұлды жеті күн ішінде төлегендер 50 пайыздық жеңілдікке ие болады. "Бірақ жылдамдық өлшегіш құралдар бойынша айыппұл салынған жүргізушілерге ондай жеңілдікке берілмейді. Бұл теңсіздікті жою керек", - деді ол.

Мұның алдында Бас прокурордың орынбасары жол қозғалысы бойынша салынған айыппұлдардың статистикасын жария еткен болатын. Сонымен бірге, оның айтуынша, қазақстандық шенеуніктер қызмет көліктерімен жол қозғалысы ережелерін жиі бұзып, айыппұл төлемей жатады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 қараша 2014, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.