"Біздің кәсіпорындар бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне өтінім бердік. Біз 7-8 пайыз шамасында белгіледік. Мемлекет тарапынан біздің тарифтер бойынша әділ және әлеуметтік жауаптылық тұрғысынан қаралған шешімді күтеміз", - деп хабарлады Сәтқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, биыл келесі жылы электр энергиясының бағасын қалыптастыратын екі фактор орын алды. Газ бағасының қымбаттауы және KEGOC тарифінің өсуіне байланысты 2015 жылы электр энергиясының бағасы өсуі мүмкін.
Дереккөз: Қазақстан жаңалытары АА.
26 қараша 2014, 17:47