Дереккөз: NUR.KZАстана. 26 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2 желтоқсан күні Түркіменстанға ресми сапармен барады, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметі.
«2 желтоқсанға мемлекет басшысының Түркіменстанға ресми сапары жоспарланған. Оның аясында сол елдің басшылығымен келіссөздер өтеді», - делінген Ақорда сайтында сәрсенбі жарияланған алдағы іс-шаралар аңдатпасында.
1 желтоқсанда Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік шаралар аясында мемлекет басшысының байрағын салтанатты түрде көтеру және мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру рәсімі өтетіні аталады. Сондай-ақ Қазақстан президенті сол күні жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысады деп күтілуде.
Одан басқа, 3 желтоқсанда Н. Назарбаев Қазақстан, Түркіменстан және Иран аумағы арқылы өтетін «Өзен – Берекет – Гөрган» халықаралық теміржол магистралінің ашылуына қатысады.
Сонымен баспасөз қызметі 5 желтоқсанда Француз Республикасының президенті Франсуа Олландтың ресми сапармен Қазақстанға келетінін еске салады. Екіжақты кездесулер аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы Францияға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралып, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.
Дереккөз: ҚазТАГ