Фото: thenews.kzАстана. 26 қараша. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда мемлекеттік қызметте қолдампаздыққа жол берілмейтін шаралар қабылданады, деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
«Біз қолдампаздықтың, ықпалдастықтың, керек адамдарға конкурс өткізу, командалық қозғалыстардың көріністеріне жол бермеуге шара қолдануымыз керек. Тым артық сөзбұйдаға ұрынушылықты болдырмау мақсатында біз үйлестіру, бір өңір және меморган ішіндегі жылжу тетіктерін қайта қарауымыз керек. Мансаптық сатымен көтерілу үдерісіндегі шынайылық пен әділдікті қамтамасыз ету барлық мемлекеттік органдардың бұлжытпай ұстанатын қағидасына айналуы тиісті», - деді Қ. Қожамжаров сәрсенбі күні кеңейтілген кеңесте.
«Бүгіндері шенеуніктің мансабы көп жағдайда жетекшінің қалауына және еркіне байланысты (...) осылайша жауапты лауазымдарда өздерінің адамдары пайда болады, ал ол жемқорлық сұлбалардың қалыптасуына жағдай жасайды. Біз қызметтегі көтерілу персоналды бағалау нәтижелері мен жеке сіңірген еңбегін ескеру арқылы жүргізіліп отыруына бірге қол еткіземіз», - деді ол.
Қ. Қожамжаровтың айтуынша, барлық мемлекеттік органдармен интеграцияланған енгізілетін ақпараттық жүйелер арқылы мериократия қағидаларын қорғау күшейтіледі.
«Ол бізге мемлекеттік қызметтің сапасын бірге арттыруға мүмкіндік береді», - деді агенттік басшысы.
Дереккөз: ҚазТАГ