Атырау, 26 қараша 11:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ақтөбеде бала саудасы үшін анасы мен әжесі сотталды

2 410 просмотра

Бала сатпақ болған екі әйел жеті және сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбедегі сот залынан. Олар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар олардың баланы дүниеге келмей тұрғанында-ақ сатуды жоспарланғаны анықталды. Жаза кесу кезінде Фемида өкілдерінен олардың өз кінәсін мойындамағанын негізге алу сұралды.

Екі әйел 2014 жылдың 26 шілдесінде дүниеге келген қызды 1,6 миллион теңгеге сатпақ болды. Ал оған дейін сәбидің 24 жастағы анасы мен 48 жастағы әжесі бала үшін Ақтөбеден екі бөлмелі пәтер сұраған. Полицейлер өзн бала сатып алушы болып таныстырған. Айта кетейік, қазіргі уақытта некесіз туған сәби "Үміт" балалар үйінде және ол анасы мен әжесі жазасын өтегенше осында болады.    

Еске сала кетейік, олар баланы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Алтынды ауылында сатқысы келген. Күдіктілер ақша беру үстінде айғақпен ұсталды. Анасы мен әжесіне қатысты "Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының кәмелетке толмағандарды сатуы" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Айта кетейік, олар сәбиді дүниеге келген соң екі күн өткенде, 29 шілдеде сатпақ болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 қараша 2014, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.