Атырау, 26 қараша 11:29
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ҚМДБ халал өнімдерді стандарттауға және бақылауға кірісті

1 883 просмотра

АСТАНА, 25 қар - Қазақстан жаңалықтары АА.Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы халал өнімдерді стандарттауға және бақылауға кірісті деп хабарлайды ұйымның діни басқармасы.

«Діни басқарма жанынан арнайы адал өнімдерді стандарттау бөлімін аштық. 250-ден астам имамдарымыз Ислам институтында осы сала бойынша білімдерін жетілдірді. Қазір халықтың адал өнімдерге деген сұранысы артып келеді. Алайда сол өнімдер шариғат талаптарына сай болмауда. Діни басқарма осы мәселені қолға алып, қадағалау, бақылау жұмыстарын жүргізеді. Бұған біздің мүмкіндігіміз мол», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда өткен ғылыми конференцияда.

«Нұр Мүбәрак» университетінде «Халалмен қанаттан» деген тақырыппен өткен конференцияға ғалымдар, имамдар, шәкірттер, адал өнімдер шығаратын компания жетекшілері қатысты.

Бүгінде әлемнің 150 астам мемлекеті адал индустрия елдің даму жолында маңызды орын алатынын дәлелдеп, жүйесін қалыптастырып үлгерген.

Дереккөз: newskaz.kz

25 қараша 2014, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.