Атырау, 26 қараша 11:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Орал әкімдігі даулы полигон жабылады деп мәлімдеді

1 602 просмотра

 Оралдағы өнеркәсіп қалдықтары полигоны. Оралдағы өнеркәсіп қалдықтары полигоны. Орал қаласының әкімі Ғалым Орынғалиев бүгін қала іргесіндегі өндірістік қалдықтар өңдеуге арналған полигонның жабылатынын мәлімдеді.

– Өнеркәсіп қалдықтары полигоны жабылады, ал жаңа полигон салуды қарастырып жатқан жоқпыз. Қазіргі жұмыс істеп жатқаны жабылады. 2011, 2012, 2013 және 2014 жылдары бұл полигон ешқандай қауіпті улы қалдықтарды қабылдаған жоқ, - деді Ғалым Орынғалиев.

Батыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және қоршаған ортаны пайдалануды реттеу басқармасы бүгін брифингте аталған полигон құрылысына 280 миллион теңге кеткенін, бірақ қазір полигон ешқандай экологиялық талаптарға сай келмейтінін растады. Басқарма полигон осы себепті іске қосылмай тұрып қалғанын айтады. Биыл бұл нысан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонымен бірге жаңа қожайын – «БатысЭкоОрталығы» компаниясына берілген.

– Полигонды жалға алған компания оның қайта құрастырып, тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға лайықтап жетілдіретінін айтты. Енді олар бұл нысанды талапқа сай келтіріп, табиғат қорғау шараларын жасауы тиіс. Бірақ, нысан жұмыс бастауға әлі жарамайды, - деді басқарма бастығының орынбасары Назгүл Жабасова.

Орал қаласы маңындағы 1,2,3 және 4-санаттағы өнеркәсіп қалдықтарын өңдеуге арналған полигон бұған дейін оған жақын орналасқан аудан тұрғындары мен белсенділердің наразылығын тудырған еді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

25 қараша 2014, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.