Фото: finance.nur.kzАстана. 20 қараша. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Теңге бағамы рубльмен тарихи тепе-теңдікке қайта оралуы керек, деп есептейді ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палата төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаев.
«Біз қазір азық-түлікті Ресейден сатып алу тиімді екенін көріп отырмыз, сондықтан біздің бәріміз де девальвация болады деп күтіп отырғанымыз құпия емес, әрине, бұл мәселені шешу керек. Себебі теңгені белгілі деңгейде әлсіздендірмей, әрине, бұрынғыдай шошынарлық түрде емес, рубльмен тарихи тепе-тең деңгейге шығармайынша, ауыл шаруашылығын және басқа да салаларды қолдау тиімділігі өте төмен болады», - деді Ошақбаев бейсенбі күні демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында.
Оның айтуынша, теңгенің рубльге қатысты қазіргі бағамында аграрлийлер белгілі қиындықтарға ұшырасып отыр. Мұның алдында ҚР ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов қазақстандық теңге 1 рубльге Т3,5-4,5 аралығында тербеледі деп мәлім еткенді. Ал оның алдында ол тербеліс Т4,5-5,5 аралығында болатын.
«Қазақстан барынша үйлесімді сыртқы саясат жүргізуде. Жақында ғана Елбасы Брюсельде болды, онда тараптар біздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізді қолдады және Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы заңға қол қойылды. Демек, Қазақстан өзінің одан ары экономикалық кеңістігіне сенімді кіруде. Осы ретте қазақстандық теңгенің бағамы ресейлік рубльге қарағанда нығая түсетіні туралы айтсам деп едім. Яғни теңгенің рубльге шаққандағы бағамы 3,5-4,5 дәлізі аралығында болады», - деді 21 қазандағы брифингте Қ. Келімбетов.
«Қазақстандық ресейлік экономика өткен кезеңде ұқсас болғандықтан біз нақты теңге-рубль тепе-теңдігін қарастырдық. Естеріңізде болар, ол кезде тепе-теңдік 4,5-5,5 (теңгенің 1 рубльге шаққандағы бағамы - ҚазТАГ) болды. Ал, бүгінде біз экономикамыздың Қазақстан мен Ресей Федерациясындағы жағдайдың әр түрлі екенін байқап отырмыз», - деп атап өтті Қ. Келімбетов.
Еске салсақ, 2013 жыл соңынан бері РФ-да АҚШ долларының ресми бағамы $1 үшін 32,7292 рубльден 47,0294 рубльге дейін, яғни 43,69% өсті. Қазақстанда доллардың ресми бағамы Т154,06-дан Т180,87-ге дейін, яғни 17,4%-ға өсті. Егер доллар бағамы Ресейдегідей 43,69%-ға қымбаттаған болса, онда қазір доллар бағамы Т221,37/$1 болар еді.
Бұл ретте Ұлттық банк мәліметтерінше, 2014 жылдың 1 қыркүйегіне ресейлік рубльдің теңгеге ресми бағамы 1 рубльге Т4,94-тен 20 қарашаға Т3,85/1 рубльге дейін төмендеді. Ол ресейлік импортты айтарлықтай арзандатып отыр. Яғни қазақстандық компаниялар үшін және азаматтардың РФ-дан сатып алатын тауарлары бұрынғыға қарағанда арзан.
Дереккөз: ҚазТАГ