Атырау, 26 қараша 11:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жаңаөзен ісі бойынша сотталған Роза Төлетаева түрмеден босатылды

2 993 просмотра

Фото: azattyq.org. Фото: azattyq.org. "Өзенмұнайгаз" компаниясының бұрынғы жұмысшысы, ереуілдеген мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева. Жаңаөзен, маусым 2011 жыл.Ақтау. 20 қараша. ҚазТАГ – Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін сотталған Роза Төлетаева шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

«20 қараша күні Роза Төлетаева атыраулық абақтыан бостандыққа шығуы тиіс», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Рустам Нәбиев.

Сонымен қатар ол сот шешіміне сәйкес, Р. Төлетаеваның бостандыққа 2017 жылдың 6 қаңтарында шығуы тиіс болғанын түсіндіре өтті. 30 шілдеде ол шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш тапсырған, алайда Ақтау қалалық соты оны кері қайтарды. Одан кейін Р. Төлетаева бірінші инстанциялы сот шешіміне апелляция тапсырды. Ақырында Маңғыстау облыстық сотының кассациялық коллегиясы оның шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алатынын туралы шешім қабылдады.

Хабарланғандай, 2012 жылдың 4 маусымында Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер туралы іс бойынша 16 сотталушының 3-еуі шартты түрде бас бостандығынан айырылған, 5-еуі рақымшылыққа ілігіп, 3-еуі ақталып шыққан.

Бұдан басқа, Роза Төлетаева 7 жылға бас бостандығынан айырылса, Мақсат Досмағамбетов, Нарын Жарылғасынов, Қанат Жүсіпбаев - 6 жылға, Шабдал Өткелов - 5 жылға, Таңатар Қалиев пен Талғат Сақтағанов - 4 жылға, Нұрлан Асқарұлы, Қайрат Еділов, Марат Әминов, Бауыржан Непес, Жарас Бесмағамбетов, Мұрат Қосбармақов 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Әділбек Шамов пен Есенгелді Әбдірахманов 3 жылға бас бостандықтарынан айыруға кесілген болатын, алайда амнистия бойынша босатылды, Айбек Мұңайтпашев пен Карл Бекжанов 2 жылға бас бостандықтарынан айырылған, алайда олар да амнистияға ілікті. Жанат Мұрынбаевта амнистиямен босатылды. 16айыпталушыға сот 3 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айыру жазасын белгіледі. Ертай Ермұханов, Жеңіс Бопылов пен Мэлс Сарыбаев ақталып, сот залынан босатылды.

2013 жылдың 28 мамырында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау коллегиясы Н. Асқарұлы, М. Қосбармақов, Б. Непес, Ж. Бесмағамбетов, М. Әминов, К. Әділовтың жазаларын шарттымен ауыстырып, олардың үкімдерін өзгертті.

2014 жылы Т. Сақтағанов пен Т. Қалиев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. А.Н. Жарылқасынов, Қ. Жүсіпбаев пен Р. Төлетаева мекен-абақтыға көшірілді. Еске сала кетейік, 2011 жылдың 16 желтоқсанында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында және 17 желтоқсанда Шетпе станциясында жаппай тәртіпсіздік болып, осының нәтижесінде Жаңаөзенде 64 адам атыс қаруынан жарақат алып, 14 адам оққа ұшқан. Шетпе станциясындағы оқиғалар кезінде 11 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапқан. 40 полиция қызметкері түрлі жарақаттар алған. 

Дереккөз: ҚазТАГ

20 қараша 2014, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.