Атырау, 3 қазан 18:26
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Қазақстан Президенті 24 қарашада Астанада Чехия Президентімен кездеседі

1 870 просмотра

Фото: ntv.ruФото: ntv.ruАстана. 20 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Н. Назарбаев 24 қарашада елімізге ресми сапармен келетін Чехия Президенті Милош Земанмен кездеседі, деп хабарлады президент баспасөз қызметінен.

Ақорданың ресми сайтында бейсенбі күні жарияланған хабарда атап көрсетілгендей, сапар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара ықпалдастықты нығайтуға қосымша серпін береді деп күтілуде.

Сонымен қатар машина жасау, энергетика және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың болашағы зор.

Бұған қоса, 25 қарашада Қазақстанға Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов ресми сапармен келеді, сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтеді.

Екі елдің көшбасшылары Қазақстан Президентінің 2013 жылы маусымдағы Өзбекстанға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асу барысын талқылайтын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов сауда-экономикалық, су-энергетикалық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың басымдығы бар бағыттарын қарастырады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

20 қараша 2014, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.