Атырау, 26 қараша 11:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"КТК" халықтық телеарна мәртебесін сақтайды - Қанат Сахариянов

1 812 просмотра

Фото: voxpopuli.kzФото: voxpopuli.kz"КТК" телеарнасының жаңа бас директоры Қанат Сахариянов Tengrinews.kz тілшісі болуы мүмкін өзгерістер туралы айтты. 20 қарашада Қазақстан медиаорталығының бұрынғы басшысы "КТК" редакиясындағы алғашқы жұмыс күнін бастады.

"Мен командамен таныстым, арнаның бағдарламаларын, ақпараттық саясатын түгел қарап шықтым. (...) Қалай болғанда да, әлемде бәрі өзгеріп жатыр. Арна дамитын болады. Арнаның Астанаға көшуіне келсек, мұндай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Иә, мен "Хабарда" жұмыс істедім, бірақ "КТК" және "Хабар" телеарналары мүлдем басқа бағыттарда. "Хабарды" мемлекет қаржыландырады, ал "КТК" - жарнама берушілер есебінен. Сондықтан "КТК" халықтың мұңын айтатын "халықтық телеарна" деген мәртебесін сақтап қалады", - деді ол.

Арнаның жаңа басшысы қызметкерлердің жалақысы қысқарады екен деген қауесетті жоққа шығарды. Телеарнаның бірнеше жұмысшысы әлеуметтік желілерде осы жөнінде қауіп білдірген еді. "Жалақы қандай жағдайда да өзгермейді, ол Еңбек заңнамасымен реттеледі. Бұған ешкім уайымдамауы керек", - деді Сахариянов.

Еске сала кетейік, 19 қарашада "КТК" телеарнасының бас директоры Арман Шораев қызметтен кеткен еді, ол бұл қызметте сегіз жыл отырды. Шораев "Қазақстан барысы" сияқты басқа жобалармен айналысу үшін жұмыстан кетуді ұйғарғанын айтты. Оның орнына келген Қанат Сахариянов бұрын "Қазмедиа Орталығы" компаниясының бас директоры қызметін атқарды, оған дейін "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 қараша 2014, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.