Атырау, 26 қараша 09:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлауға Т3 млрд-тан астам қаражат жаратылады

1 869 просмотра

Фото: matritca.kzФото: matritca.kzАстана. 19 қараша. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлауға Т3 млрд-тан астам қаражат жаратылады, деп мәлім етті ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

«Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау мен Қазақстан халқы ассамблеясын өткізуге депутаттардың ұсынысына сай үш жылдық бюджетте қосымша 3 млрд теңгедей қаражат қарастырылған», - деді Б. Сұлтанов сәрсенбі күні парламент сенатында «Ұлттық қордан 2015-2017 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР заң жобасын таныстыру барысында.

Еске салсақ, ҚР президенті Н. Назарбаев 2015 жылы Қазақстан қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтетінін мәлім еткен.

«Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы еліміз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын тойлайтынын айтты», - деп көрсетілген Ақорданың ресми сайтында Н. Назарбаевтың 22 қазанда Астана активімен кездесу қорытындысына арналған хабарда.

«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады», - деп айтқан президенттің дәйексөзін баспасөз қызметі келтіреді.

«Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн», – деді Қазақстан Президенті.

Н. Назарбаев Қазақстан тәуелсіздігі константа екендігіне, оны сақтау әркімнің қасиетті парызы екендігіне назар аударды.

«Кезінде көптеген американдық үнділер өздерінің жерлерінен қуылып, әр түрлі басқыншылармен жойылды. Сол үнділерден шыққан бір кинорежиссерге: «байлық бақыт болып табыла ма?», - деп сұрақ қойған екен. Оған ол: «Мен өзімдегі де, басқалардағы да байлықтың барлығын менің халқымның тәуелсіздігінің бір күні үшін берер едім», - деп жауап беріпті. Сондықтан біздің барлығымыз біздің тәуелсіздігімізді бағалауымыз керек», - деді президент. 

Дереккөз: ҚазТАГ

19 қараша 2014, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.