Атырау, 26 қараша 09:16
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мәжіліс 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады

4 360 просмотра

Фото: total.kzФото: total.kzАстана. 19 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. ҚР парламент мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күні палатаның алқа отырысында ҚР «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Дамудың кертартпа дамуы кезіндегі 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының нақтылануы, сондай-ақ мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмалардың есебінен 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет болжамы қайта қаралды», - деді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәжіліс отырысында.

Оның ақпарынша, республикалық бюджет табысы трансферт есебінсіз 2015 жылы Т4159,5 млрд сомасында болжанып отыр, ол бюджет жобасымен салыстырғанда Т178,9 млрд-қа төмен. 2016 жылы - Т4606,2 млрд, Т147,3 млрд-қа төмен, 2017 году - Т4971,7 млрд, Т176 млрд-қа төмен.

«Республикалық бюджет түсімінде 2015 жылы Ұлттық қордан Т707,5 млрд көлемінде мақсатты трансферт тарту ескерілген, 2016 жылы - Т372,5 млрд, соның ішінде Т1 трлн аясында екінші транш шараларын жүзеге асыруға, 2015 жылы - Т360 млрд; сондай-ақ мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға, 2015 жылы - Т347,5 млрд, 2016 жылы - Т372,5 млрд», - деп түсіндерді ол.

Ведомство басшысы бюджеттің номиналды тапшылығы 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында анықталған мөлшерде сақталғанын еске салды.

Бұған дейін министр хабарлағандай, 2015 жылға арналған республикалық бюджет шығындары 2014 жылы 2,6%-дық деңгейге өсіп, Т7 трлн 307 млрд көлемінде болады деп жоспарлануда. 2016 жылы шығындар өткен жылғы 6,7% деңгейге өсіп, Т7 трлн 797 млрд көлемінде болады жоспарланған; 2017 жылға – өткен жылғы 3,9% деңгейге өсіп, Т8 трлн 100 млрд. 

Дереккөз: ҚазТАГ

19 қараша 2014, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.