Атырау, 26 қараша 09:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ерлан Арын өзіне тағылған айыптардың күлкілі екенін айтты

1 599 просмотра

Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Бұл туралы ол сот алдында жауап беру кезінде айтты.

Сот отырысында ол тергеушілер негізсіз айыптарды тағып, олардың кейбірінің тіпті күлкілі екенін де ескермегенін айтты. Күдіктінің сөзінше, олар ойдан шығырылған.

Тергеу изоляторында отырған тоғыз ай ішінде Ерлан Арын істің барлық баптарымен толық танысып шыққанын айтып отыр. Және бір де біреуімен келіспеймін дейді.

Есеріңізге сала кетсек, экс-әкімге Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша - алаяқтық, ірі көлемде пара алу фактісі және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру деректері бойынша айып тағылып отыр.

Ол үстіміздегі жылдың наурыз айында қамауға алынды.

Дереккөз: Астана телеарнасы

19 қараша 2014, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.