Атырау, 3 қазан 18:30
 ашықВ Атырау +11
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

ҰҚК "Ислам мемлекетінде" 150 қазақстандық әйелдің соғысып жүргенін хабарлады

2 131 просмотра

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы қатарына қосылған қазақстандықтар саны 300-ден асатынын хабарлады деп жазады baq.kz.

ҰҚК-нің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, бұл жайында комитет төрағасы Нұртай Әбіқаев Астанада өткен ТМД-ға мүше елдердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметі басшыларының жиынында айтқан.

Ол ұйым құрамында "қазақ жамағаты" құрылғанын және оның тең жартысын әйелдер құрайтынын айтқан.

Жиында Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников соңғы үш айда "Ислам мемлекеті" ұйымына қосылуға кеткен ресейліктер саны 1500-ге артқанын айтқан.

Арнайы қызмет басшылары жастар арасында радикалды идеяларды таратып, соғысқа қатысу үшін "Ислам мемлекеті" ұйымына баруға үгіттейтіндер елдеріне келіп жатқанына алаңдаған.

Дереккөз: baq.kz

18 қараша 2014, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.