Атырау, 26 қараша 09:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Turkvizyon-2014» байқауын Жанар Дұғалова ашады (ФОТО)

1 831 просмотра

19-21 қараша аралығында Татарстанның Қазан қаласында өтетін «Turkvizyon-2014» байқауында Жанар Дұғалова ең алғашқы болып ел намысын қорғайтын болды.

Бұл жөнінде «ADAM Media Group» компаниясының бас директоры Динара Адам Instagram парақшасына жазды.

Продюсер жазбасында «Жанар Дұғалова жартылай финалда жеребиді тартты. 25 елдің ішінде бірінші болып ән салатын болды. Бірінші болған жақсы деп ойлаймын» деген.

Айта кетейік, 26 қазан «Turkvizyon-2014» байқауына қатысу үшін қазақстандық әншілер арасында финалдық іріктеу сынында көрермендер дауысы және қазылар алқасының қойған ұпайының қорытындысы бойынша 30% көрсеткішпен Жанар Дұғалова авторлық «Ізін көрем» әнімен жеңімпаз атанған болатын.
«Turkvizyon» - халықтық дауыс берудің әділдігі мен қорытындының ашық болу принціпін таңдаған, саяси, кәсіби қысымнан тәуелсіз бірінші музыкалық байқау. Ол көптеген мемлекеттер үшін «Евровидение» байқауын алмастыра алатын халықаралық деңгейдегі ән байқауы. Әлемдік музыкалық өндірісте үлкен құбылыс болған байқаудың мақсаты бір сахнада түркі музыкасының өкілдерін  тоғыстыру. Байқаудың аудиториясы 300 миллион көрермен.

Дереккөз: baq.kz

18 қараша 2014, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.