Атырау, 26 қараша 09:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Алматыда граната жарылды: 1 адам қайтыс болды және алты адам зардап шекті

2 193 просмотра

Алматыдағы оқу орындарының бірінде граната жарылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Төтенше оқиға Райымбек даңғылындағы ғимаратта болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ғимаратта №3 кәсіптік лицей орналасқан. 

Граната оқу орнының екінші қабатында жарылған. Алдын ала мәліметке қарағанда, төтенше оқиғадан жеті адам зардап шекті. Қазіргі уақытта бұл аумақ қоршауға алынды, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Граната 17 қараша күні 09.00 шамасында жарылған. Tengrinews.kz тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, жарылыс сән және дизайн колледжінде алғашқы әскери дайындық пәні үстінде болды. Оқиға салдарынан бір оқушы қыз қайтыс болды, алты адам зардап шекті, оның бірі - оқытушы. Оқиға орнына қала әкімі Ахметжан Есімов келді.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда 19 наурыз күні кешкісін "Орбита-4" ықшамауданында граната жарылған еді. Полиция оқиға орнынан 27 жастағы Роман Поздняковтың денесін тапты. Тергеу оның абайсызда өзін-өзі жарып алғанын анықтады. Поздняковтың анасы мен көршілер зардап шеккен жоқ. Бұл оқиға бойынша марқұмның Евгений Тюкачев деген танысы сотталды. Тергеудің мәліметінше, Поздняковқа әскери гранатаны берген - сол. Бірақ жігіт сотта бұл деректі мойындамады. Сот Тюкачевті үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарып, оған 300 АЕК (555 мың теңге) көлемінде айыппұл салды.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 қараша 2014, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.