Атырау, 19 қараша 10:18
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Экс-әкімнің ісі. Үкім жарияланды (жаңартылды)

9 825 просмотра

14 қарашада, Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында облыстың экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ ҰҚТ ісі бойынша бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлерге жаза жарияланды.

Сотталушылар қызметтік жағдайларын пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, 42 млн теңге бюджет қаржысын қымқыру, лауазымдық құзіреттерін асыра қолдану, алаяқтық, нақты орындалған жұмыстарсыз мәміле жасау, жалған құжаттар жасау және т.б. қылмыстарды жасады деп танылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәліметтері бойынша, үкім 1 500-ден астам бетті, (10 том), сот отырысының хаттамасы200-ден астам томды құрады. Сотта тек екі фолиант қалыңдығындай жасалған негізгі резулятивті бөлігі ғана оқылды: осы процесте төрағалық еткен судья Гүлмира ДӘУЛЕТОВА оны үзіліссіз 7 сағат оқыды. Үкімге сәйкес, 18 адам бас бостандығынан айырылды (үшеуінің жаза өтеу мерзімі шегерілді) және олардың 8-і сот залында тұтқынға алынды. Бұлар тергеу кезінде үйқамақта немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат негізінде үйлерінде отырғандар.

Бұрынғы облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ – мүлігі тәркіленіп, 7 жылға дейін мемлекеттік қызметке кіру құқығынан айырып, 15 жылға қатаң режимдегі түзету колониясына кесілді.

Бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВ - мүлігі тәркіленіп, 7 жылға дейін мемлекеттік қызметке кіру құқығынан айырып, 12 жылға қатаң режимдегі түзету колониясына кесілді.

«Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ бастығының бұрынғы орынбасары Ибрагим ӘМІРОВ - мүлігі тәркіленіп, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметке кіру құқығынан айырып, 4 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына кесілді;

«Жолаушылар лизингтік компаниясы» АҚ-тың бұрынғы жетекші инженері Азамат ҚҰРМАНТАЕВ - мүлігі тәркіленіп, 4 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырып, 7 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына кесілді; сот залында қамауға алынды.

Бұрынғы қаржы басқармасының бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВ - мүлігі тәркіленіп, 5 жылға дейін мемлекеттік қызметке кіру құқығынан айырып, 4 жылға қатаң режимдегі түзету колониясына;

Облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВ - мүлігі тәркіленіп, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметке кіру құқығынан айырып, 8 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына;

Облыстық энергетика басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАЙСАНОВ - мүлігі тәркіленіп, 4 жылға дейін мемлекеттік қызметке кіру құқығынан айырып, 7 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына;

«Азиямаркетс» ЖШС-тің бұрынғы директоры Қайыржан ҚАДЫРОВ – 2,6 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына кесілді.

Айта кетсек, «үйқамақ» бұлтартпау шарасы бас бостандығынан айыру болып табылады және ҚК бойынша түрмеге қамалғанмен бірдей болып есептеледі, алайда үйдегі екі күні колонадағы бір күнге тең. Үйқамақта болған көпшілігі 2012 жылдың күзі мен қысында тұтқындалды, яғни, орта есеппен алғанда, бір жылдық қамау күндері есептеледі.

«Снабойлстрой» ЖШС-те жасаған үш жас әйелге қатысты жазалар кейінге шегерілді. Үшеуінің жасы кіші балалары бар, екеуінің баллары әлі емшек еметін жаста. Осы жағдайларды есепке ала отырып, сот жазаны жүзеге асыруды ҚР ҚК-нің 72-бабы (камелетке жасқа жетпеген балалардың 14 жасқа толуына дейін) бойынша кейін шегерді.

«Снабойлстрой» ЖШС-тің бұрынғы директоры Айгүл БЕЙСЕБЕКОВА – 4 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырып, 5 жылға қатаң режимдегі түзету колониясына

«Снабойлстрой» ЖШС директорының қаржы бойынша орынбасары Айнұр БАТЫРБАЕВА - мүлігі тәркіленіп, 4 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырып, 4 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына кесілді,

«Снабойлстрой» ЖШС-тің бұрынғы директоры Кенжегүл СИСЕНОВА - мүлігі тәркіленіп, 4 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырып, 4 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына;

Бұрынғы қала әкімі Асқар КЕРИМОВТІҢ мүлігі тәркіленіп, 3 жылға дейін мемлекеттік қызметке кіру құқығынан айырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылады деген жазасын жариялағанда сот залы іші қол шапалақтаулар мен қуанышты дауыстарға толды. Бұл тек туыстарының қуанышты сезімдері ғана емес (Керимовтың тергеу барысында тергеу изоляторында отырған мерзімдерін есептесек, бір жылдан кем уақыты қалды), ҚР ҚК-нің осы ҰҚТ/ҰҚҚ құру, басқару және қатысу туралы «ауыр» 235-бабымен айыпталғандар ішінде бірінші ақталған адам екендігі залда отырғандардың ризашылығын білдірді. Сот осы бап бойынша барлығы 12 адамды ақтады. Естеріңізге салсақ, осы баптың түрлі тармақтары бойынша осы қылмыстық іске қатысты 22 адамның 21-іне осындай айып тағылған еді.

Өз мерзімдерінің бір бөлігін тергеу изоляторында өткізгендер:

«Батыстранспорт СИМ» ЖШС-тің бұрынғы директоры Рахметолла АЛШЕНОВ - мүлігі тәркіленіп, 5 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырып, 8 жылға қатаң режимдегі түзету колониясына;

«Мемсараптама» РМК бас директорының бұрынғы орынбасары Ұлан ҚҰРАЛБАЕВ - мүлігі тәркіленіп, 4 жылға дейін мемлекеттік қызметке кіру құқығынан айырып, 7 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына;

«Мемсараптама» РМК-ның бұрынғы бас директоры Тұрланбек ЖИЕНБАЕВ - мүлігі тәркіленіп, 5 жылға дейін мемлекеттік қызметке кіру құқығынан айырып, 8 жылға қатаң режимдегі түзету колониясына;

«СтройЛТД»  ЖШС-нің бұрынғы директоры Эдуард ДУРМАНОВ мүлігі тәркіленіп, 5 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына;

«Аркаим 2005» ЖШС-тің бұрынғы директоры Александр КУЗЕМА - мүлігі тәркіленіп, 4 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырып, 7 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына;

Жұмыссыз КОРИЦКИЙ - мүлігі тәркіленіп, 11 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айырып, 4 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына кесілді.

Осы ешкімге таныс емес Ақтөбе қаласында тұратын жас жігітке берілген мерзім көптеген адамдар үшін күтпеген оқиға болды. Қылмаыстық іспен таныс заңгерлердің айтуынша, Корицкий тергеу зерделеген құқық бұзылған мерзімдерде Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деп іздеуге берілген, 2012 жылы қазанда халықаралық іздеу жарияланған бизнесмен Олег ПАВЛИЧЕНКОНЫҢ («СтройКонтрактГрупп» ЖШС директоры) жүргізушісі болған. Корицкиге ҚР ҚК-нің 192-1 бабы «Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлікқызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле(мәмілелер) жасасуы», 235-бап 2 т. «Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатындатрансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу», 176-бап 4 т. «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету» бойынша айып тағылды. Тергеудің болжамдары бойынша, Корицкий Павличенконың тапсырмасы бойынша қымқырылған бюджет қаржыларын қолма қол ақшаға айналдыру үшін жалған компаниялар құруға ат салысқан. Сот оны барлық тағылған баптар бойынша кінәлі деп тауып, қатаң жазаны жеңілдеу жазаға ауыстыру жолымен 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Екі сотталушы сот залынан еркіндікке шықты:

«АНиТАконсалтинг» ЖШС-тің бұрынғы директоры Людмила ШАРЫПКИНАҒА қатысты іс сақталу мерзімі өтіп кеткендіктен, тоқтатылды;

«Актобехаусконстракшн» және "BNB Construction" ЖШС-терінің бұрынғы бас есепшісі Гүлнәр ӘЗБЕРГЕНОВА кінәсі дәлелденбегендіктен, тағылған айыптардан толықтай ақталды. Келтірілген шығындарды өтеуге шағым беру құқығы бар екені ескертілді.Естеріңізге салсақ, Әзбергенова – осы іс бойынша тергеуге алынған әйелдердің ішінде айып тағылған бойда тергеу изоляторына қамалған жалғыз адам. Оны жауап алу кезінде бірден қамаққа алған. Ал ол бұл тергеуге іздестіріліп жатқан адамдар жөнінде БАҚ бетінен оқығаннан кейін өзі келген. Қаржы полициясының кінәсінен ол 13 ай жазықсыз темір тордың арғы жағында отырды.

Екі адам шартты мерзім алып, сот залынан босатылды:

«Атырауқұрманқұрылыс» ЖШС-нің бұрынғы директорыҚұрманғазы АЛИМОВ – 5 жыл шарты мерзімге, сот залынан босатылды.

Бұрынғы сауда-саттық бойынша менеджер Асхат ЕСЕТОВ – 3 жыл шартты мерзімге жазаланды.

Сот, сондай-ақ, сотталушылардан мемлекет пайдасына келесідей шығын сомаларын өндіріп алуды қаулы етті (мемлекеттік алымды қосқанда): 

Сисенова мен Батырбаевадан – 3 млрд теңгеге жуық, Бейсебековадан - 7,8 млрд, Дурмановтан – 3,3 млрд, Әміровтен – 5,4 млрд, Құрмантаев, Корицкий, Куземадан – 17 млрд, Кенжебековтан – 9,5 млрд, Жайсановтан – 6,2 млрд, Жиенбаевтан – 16 млрд, Құралбаевтан – 12,5 млрд, Дәукеновтен – 204 млн теңге.

Үкім мен сотталушылардан өндірілетін сома жарияланғаннан кейін судья тергеу кезінде қамаққа алынған, сот шешімімен осы шектеулер алынатын мүліктердің тізімі жарияланды. Сот залында отырғандардың кейбірі бұларды мемлекет пайдасына тәркіленетін мүліктер деп қате түсінді. Ал, шын мәнінде, сотталушылардың тәркілетенетін мүліктері туралы сотта ештеңе айтылған жоқ.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 қараша 2014, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.